Халық қаһарманы Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Жарияланды
Ескерткішті Алматы қаласында орнату жоспарланып отыр

Алматыда КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, «Тарлан» сыйлығының иегері Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта үздік жобаны анықтау үшін ашық конкурс жарияланды. 

«Роза Тәжібайқызының арналған ең үздік ескерткіш 12 наурыздан кейін анықаталады. Осы уақытқа дейін жобаларды ұсынуға мүмкіндік бар. Ал есерткіш орнатуға қанша қаражат бөлінетіні әзірше белгісіз. Себебі бюджет осы жылдың екінші жартысында қаралады» деп хабарлайды жергілікті мәдениет басқармасы. 

Халықтың сүйіктісіне айналған әншінің ескерткіші Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігінде, Байсейітова көшесінің шығыс жағында орнатылмақ. 

Айта кетелік, бұл  Роза Тәжібайқызына арналып қойылған алғашқы ескерткіш емес.  2015 жылы әншінің туған жері  – Қызылорда облысының Әйтеке би ауылында орнатылған еді.
 

 
Сондай-ақ оқыңыз