Ресурстар

Елордада шерулер өткізуге тыйым салынды

Карантиндік шектеулерге байланысты

Елордада карантиндік шектеулерге байланысты шерулер өткізуге тыйым салынады. Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысы жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа қаулы бойынша бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), сондай-ақ мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру және митингілер, шерулер, жиындар және т.б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады.