Ресурстар

Нұр-Сұлтанда қызметкерлердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек

Фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі

Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеулерге байланысты қызметкерлердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек. Бұл туралы шектеу және карантиндік шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

   «Енді барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 50% қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс. Ал фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі», – делінген Қаулыда.