Түркістан қаласының әуежайынан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
2021 жылғы 21 наурызда «Fly Arystan» әуе компаниясы («Эйр Астана» компаниялар тобы) Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында алғашқы халықаралық рейс жасайды.
Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) А-320 әуе кемесімен орындалады. Кейін аптасына 7 рейске дейін (күн сайын) ұлғаяды.
Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.