Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2021 жылғы 6 наурызындағы №4-3 қаулысына сәйкес: ШҚО аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 07 наурызынан бастап 20 наурызын қоса алғанға дейін ұзартылды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда тәжірбие өтер алдында профилактикалық мақсатта COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтетін болады;
күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30%-дан, жалпы адам саны 50-ден аспаған жағдайда, банкет залдарының тек еске алу рәсімдерін (ас беру) өткізу үшін жұмыс істеуіне рұқсат берілді;
Таңертеңгі фильтрді міндетті түрде өткізу, персоналдардың бетперде тәртібін сақтауы, термометрия, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялауды жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараларды өткізбеу, ата-аналарды және апарып-алып келетін адамдарды кіргізбеу шарттарын қатаң сақтай отырып мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмысы қайта басталады;
Жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары мен 1-ден 5-сыныпты, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 оқушыдан аспайтын аралас форматта оқуға рұқсат берілді.