Алматыда карантин күшейтілді

Жарияланды
Алматы қызыл аймаққа өтті

Алматы эпидемиологиялық жағдай деңгейі бойынша «қызыл» аймаққа енді. Мегаполистегі ағымдағы жағдай, жағдайдың ушығу себептері және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті ұсынымдар туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

А. ж. наурыз айында КВИ жағдайының өсуі себептері:
– Ауа райының жылынуымен қалалық және қала маңындағы тұрғындардың әлеуметтік байланыстарының артуы, ондағы жетекші рөл қоғамдық көлік (сауда объектілерінде 22%, қоғамдық көлікте 18% жұқтырған);
– Қоғамдық көлікте және қоғамдық орындарда жұқтырған отбасы мүшелеріне жұқпаның тізбекті берілуі (отбасыларда 33% жұқтырған);
– Отбасылық іс-шаралардың 3%-ға ұлғаю (бұрын – 0,2%);
– Мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін оқудың басталуымен байланысты артуы (14 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы 22,4%-ға артты-соңғы 7 күнде 138-ден 169 жағдайға дейін);
– Оң ПТР-тесттері бар азаматтардың өзін-өзі оқшаулау режимін жиі бұзуы (КВИ-дің симптомсыз және жеңіл түрлері).

   «Кез-келген мерекелер қарым-қатынас пен байланыстардың артуын білдіреді, осыған байланысты соңғы мерекелер де жағдайдың нашарлауына ықпал етті. Өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы қаласы эпиджағдайды бағалау матрицасының қызыл аймағына өтті, сондықтан жақында шектеу шараларын күшейтуді көздейтін және коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар жасауға бағытталған Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің  жаңа қаулысына қол қойылады», – деді Әсел Қалықова.

Жылы ауа-райында әлеуметтік байланыстар артып, жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі де артады. Көшедегі байланыс кезінде тығыз және ұзақ қарым-қатынас кезінде және де әдеттегідей, жастар кездесу кезінде қол беріп, бет сүйіп амандасу кезінде  жұқтыруы мүмкін.

   «КВИ-ді тұрғындарының жиі жұқтыратын орындары-қоғамдық көлік, отбасылық байланыстар, сауда объектілері (СОСО, сауда желілері, базарлар). Жұқтырудың сенімді орындары бойынша отбасының науқас мүшелерімен қарым – қатынастың үлес салмағы 3%-ға (33%-дан 36%-ға дейін), қоғамдық орындарға барған кезде ықтимал орындар бойынша 1,5%-ға артты», – деді Әсел Қалықова. 

КВИ науқастарының жасы бойынша құрылымы іс жүзінде өзгермейді және соңғы 14 күнде:
– 14 жасқа дейін – 9,6%;
– 15-19 жас – 2%;
– 20-39 жас – 34,6%;
– 40-59 жас – 29,6%;
– 60 жас және одан жоғары – 22,1%.

  «Біз барлық ұсыныстарды мүлтіксіз орындауымыз керек – бұл бетперде кию,оларды ауыстыру және пайдалану ережелерін сақтау, қоғамдық орындарға барудан бас тарту, мерекелік іс – шараларға қатыспау»,  деп атап өтті Ә. Қалықова.

Сондай-ақ оқыңыз