Жаңалықтар

Сауд Арабиясы сәуір айында Еуропаға арналған мұнай бағасын төмендетеді

Азия мен АҚШ-тың сатып алушылары үшін шикі мұнайдың көп түрлерінің бағаларын өсіреді

Сауд Арабиясының мемлекеттік Saudi Aramco мұнай компаниясы сәуір айында Азия мен Америка Құрама Штаттарының сатып алушылары үшін шикі мұнайдың көп түрлерінің бағаларын өсіретінін, сонымен бірге еуропалық клиенттердің бағаларын төмендететінін мәлімдеді. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.

Азиялық сатып алушыларға арналған Arab Light барреліне 0,4 долларға қымбаттайды. Нәтижесінде оның баррелі Оман мен Дубайдың бір себет мұнайына қарағанда 1,4 долларға қымбат болады. Arab Heavy сортынің   Азия үшін құны өзгермейді, ал басқа сорттар үшін барреліне 0,2-0,6 долларға көтеріледі.

Сәуірде Солтүстік-Батыс Еуропадан сатып алушылар үшін мұнай бағасы барреліне 1,5 доллардан 1,8 долларға дейін, Жерорта теңізінен – барреліне 1 доллардан 1,9 долларға дейін өзгереді.