Нұр-Сұлтанда еріктілері қарт кісілердің ауласын қардан тазартты
Жарияланды
Елордада «30 игі іс» ұранымен əлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр
ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен əлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ және елорда еріктілері қардың көп жаууына байланысты 10 мұқтаж зейнеткердің ауласын қардан тазартуға көмектесті.
«Жастардың көмегі қарт кісілердің көңілін көтеріп, күш беріп қана қоймай ертеңіне деген сенімділігін арттыра түседі. Ұрпақтардың өзара қарым-қатынасы жастардың бойында мейірімділік пен үлкендерге деген құрмет сезімін арттыра түседі», – деп атап өтті «Астана жастары» КММ-де.