Ресурстар

COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұза ма?

Биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады

Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті. Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр.  Комитет қызметкерлері түсініктеме алу үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
 ⠀
 Айта кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.

Мешітте егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады.  Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды.
 ⠀
Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін (дәрумендер мен  қоректік қасиеті бар инъекциялар жатпайды) мәлімдеді.