Алматыдағы дәріханаларда кардиомагнил жаңа шекті бағаларға сәйкес сатылуда

Жарияланды
Алматыда 375 дәріханада КВИ емдеу хаттамасына кіретін 22 негізгі позиция бойынша қолда бар дәрі-дәрімекке мониторинг жүргізіледі

Алматыдағы дәріханаларда кардиомагнил жаңа шекті бағаларға сәйкес сатылуда
 
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі, «Almaty Finance» басқармасының төрағасы Тимур Хаиров хабарлады. 
 

Ковидқа қарсы дәрілік препараттардың Тұрақтандыру қоры Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы шілдедегі шешімімен құрылды. Оның құрылуына жеңілдетілген қарыздар беру жолымен айналым сызбасы бойынша шамамен 5 млрд. теңге бөлінді.
 
Фармацевтикалық компаниялар 47 млн. бірліктен астам дәрілік құралдар және 68 позиция бойынша медициналық бұйымдар сатып алуды жүзеге асырды. Шамамен 27 млн. бірлік дәрілік құралдар Алматы қаласының дәріханаларына жеткізілді және қоймаларда шамамен 20 млн. бірлік препарат бар, оның 8 млн. препараты азайтылмайтын қалдықты құрайды.
 
Қаланың аудан әкімдіктері Ковид-19 емдеу хаттамасына кіретін 22 негізгі позиция бойынша қаланың 375 дәріханасының қолдағы бар дәрілік құралдарына жүйелік мониторингті жүзеге асырады.
 
Бұған дейін  хабарланғандай, көтерме саудада өткізу үшін Кардиомагнил 150 мг №100 және Кардиомагнил 75 мг №100 препараттарына тиісінше 1 166 (бір мың бір жүз алпыс алты) теңге және 884 (сегіз жүз сексен төрт) теңге мөлшерінде жаңа шекті бағалар бекітілді, бұл Кардиомагнил препаратын жеткізуде  уақытша кідірістерге әкелді. Бірақ, қала дәріханаларында «Ацетилсалицилды қышқыл» халықаралық патенттелмеген атауымен сондай басқа да препараттар болды.  Олар Тромбопол НЕО, Асс тромбин, Тромбо АСС және басқа да осы секілді дәрілер.
 
Қазақстан Республикасына Кардиомагнилды жеткізуші Кардиомагнил өндірісінің еншілес ұйымы – «Нижфарм» ЕҰ ЖШС болып табылады.
 
 «Біз компаниядан, бүгінгі күні олардың бұл препараттарды импорттағаны және қолданыста шамамен 1 млн. орамының бары, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасында бекітілген шекті көтерме бағаға сәйкес, бүкіл Қазақстан бойынша көтерме жеткізушілерге толық жеткізуге дайын екені туралы  ресми бекіту алдық. Қазір, компания әрі қарай Алматы қаласының дәріханаларын қоса алғанда, Республика дәріханаларына жеткізу үшін көтерме жеткізушілерге жеткізілімді жүзеге асырды», – деп хабарлады Тимур Хаиров.
Жекелей алғанда, мұндай Эмити, Зерде секілді көтерме компаниялар қазір Кардиомагнилдың жаңа шекті бағаларына сәйкес шамамен 11 мың орамын алды және оларды бөлшек сату үшін Алматы қаласының дәріханаларына жеткізуде. Эмити компаниясы препаратты 1 дәріханамен қатар, жеке дәріхана желісі арқылы да бөлшек сатумен айналысатын 77 заңды тұлғаға, Зерде 43 заңды тұлғаға жөнелтті.

Сондай-ақ оқыңыз