2021 жылдың ақпан айында машина жасау өндірісінің өсімі 121,2% құрады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі артты:
– автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелердің НКИ – 119,6%;
– электр жабдықтарының НКИ – 107,4%;
– басқа да көлік құралдарының НКИ – 138,5%;
– басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар НКИ – 154,6%;
– компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер НКИ – 138,5%;
– машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату НКИ – 104,9%.