Еуропалық комиссия туристік маусым басталар алдында Еуроодаққа бірыңғай «цифрлық жасыл сертификатты» – covid-19-ға қарсы екпе алған, онымен ауырып қалған немесе теріс нәтижемен анализден өткен адамдар континент бойынша еркін жүре алатын құжатты енгізуді ұсынды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Сонымен қатар, Израильде осындай шаралар қолданып жатыр. Барлар, мейрамханалар, мұражайлар мен театрлар қайтадан ашылғаннан бері бір аптадан астам уақыт өтті, бірақ сіз оларға «жасыл төлқұжат» болған жағдайда ғана кіре аласыз – Израильде вакцина төлқұжаттары осылай аталады. Құжат вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін бір аптадан соң беріледі.
Ресей ковидтік шектеулерді біртіндеп алып тастай бастады: Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков статистика бұрын енгізілген санитарлық шараларды кезең-кезеңімен алып тастауға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен бірге, Ресей билігі, коронавирустың жаңа штамдары пайда болу мүмкіндігіне орай, қырағылықты жоғалтпауға шақырады.
⠀
Испанияда туристік маусым басталып жатыр. Бенидорм жағажайларында демалушылар көбеюде. Егер келушілермен коронавирусқа теріс нәтижелі тестін ұсынылған жағдайда, Гандия 50 мыңнан астам адамды қабылдауға дайын.