Жұмыртқа мен қант 39 % пайызға қымбаттаса да, Ұлттық банк инфляция тұрақты деп қояды

Жарияланды
Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды

Бүгін Ұлттық банк инфляциялық үрдістерді көпшілікке жариялады 

 Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды.

Азық-түлік бағасының өсуі жеделдетуді жалғастырды.

Реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендеді.

     2021 жылғы ақпанда инфляция 0,7% құрады, жылдық мәнде өзгеріссіз қалды –7,4%. Инфляцияға негізгі үлес бұрынғыдай азық-түлік тауарларына бағаның өсуі ықпал етеді, ақпан айында азық-түлік инфляциясының 11,6% дейін аздап жеделдеуі тіркелді (2021 жылғы қаңтарда – 11,4%).

Күнбағыс майының (41,9%, г/г), қанттың (39,1%), жұмыртқаның (32,9%) одан әрі қымбаттауы байқалды. Сонымен қатар, ұнның, жарма мен нанның жекелеген
түрлерінің қымбаттауы байқалады. Сондай-ақ, бағаның ұзақ уақыт төмендеуінен кейін құс еті бағасының жылдық өсуі тіркелді. 

   Әлемдік азық-түлік нарықтарында іс жүзінде барлық өнім түрлерінің қымбаттауы жалғасуда, атап айтқанда, 2021 жылғы ақпанда қант пен өсімдік майларына ең жоғары өсу қарқыны байқалды.

       Қазақстанда 2020 жылғы қарашадан бастап шикізат қорларының төмендеуі, сондайақ дақылдардың кейбір түрлері бойынша егіннің неғұрлым төмен көрсеткіштері аясында  өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында бағаның жедел өсуі байқалады. Бағаның ең үлкен өсімі тамақ өнімдері өндірісінде 13,1%-ға (ж/ж), соның ішінде өсімдік және жануар  майлары (37,3%), қант (23,1%), ұн-жарма өнімдері (15,8%) өндірісінде тіркелді. Ауыл
шаруашылығы саласында жұмыртқа (44,5%), майлы тұқымдар (30,8%), картоп (22,9%)бағасының жылдық өсуі байқалды.
Азық-түлік емес тауарлардың жылдық инфляциясы 2021 жылғы ақпанда 5,2%-ға дейін
баяулады (2021 жылғы қаңтарда – 5,3%).

       Инфляция құрылымында азық-түлік емес тауарлардың көпшілігі қалыпты өсу қарқынын көрсетті. Дәрі-дәрмектер мен жеке тауарларға
бағаның өсуі баяулады.  2020 жылғы қаңтар-ақпандағы жоғары базаның аясында бензин (1,9%-ға төмендеу, ж/ж) және дизель отыны (7,1%-ға төмендеу, ж/ж) бағаларының дефляциялық серпіні тіркелді (бензинге акциздер артты). Сонымен қатар, құрылыс материалдарының, сондай-ақ киім мен аяқ киімнің көптеген түрлерінің, атап айтқанда балалар киімдері мен бас киімдердің қымбаттауы байқалды. Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсуі 2020 жылдың ақпан айында коммуналдық қызметтер тарифтерінің жыл басына тән емес төмендеу нәтижесінде 3,9%-ға дейін баяулады (2021 жылғы қаңтарда – 4,1%). Жалпы, реттелетін коммуналдық қызметтер жылдық мәнде 0,1%-ға арзандады

Сондай-ақ оқыңыз