Ресурстар

Елімізде сәуір айында 1 млн. астам адамға індетке қарсы екпе салу жоспарлануда

Вакцинадан кейін ауыр жағдайлар тіркелген жоқ

Сәуір айында Қазақстанда 1 млн. астам азаматты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы ресми Telegram каналы хабарлады.

Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жалғасуда.

Бүгінгі күні еліміздің өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді, ал ағымдағы жылғы наурыздың соңына дейін  қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтілуде.

2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары.

Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ. 

Бұл ретте егілген адамдардың 1%-ында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде.

Халықты одан әрі иммундау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 1 млн. астам азамат вакцинацияланатын болады. 

Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде.

Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады.