Мемлекеттік қызмет саласын қандай тосын өзгерістер күтіп тұр?
Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері агенттігі жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы аталған агенттік төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев айтады.
«Көрсетілген алаң мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде проактивті, композиттік, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер саласында туындайтын мәселелерді жедел шешу орнына айналады», – деді Дархан Жазықбаев.
Кеңес құрамына мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелерді көтеретін қоғамның белсенді өкілдері, парламент депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған саясатты тікелей жүргізетін лауазымды адамдар кіруі мүмкін. Сондай-ақ, отырысқа мемлекеттік қызметтер сынға алынатын және бизнес-үдерістерді оңтайландыруды қажет ететін мемлекеттік органдардың басшылары да шақырылады.
Сондай-ақ агенттік өкілдері, агенттік қолға алып жатқан бірқатар бастамаларды таныстырды. Соның ішінде азаматтардың өтініштерін «басқаларға бағыттау» тәжірибесі 1 шілдеден бастап жойылатынын мәлімдеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «ден қоятын мемлекет» құру, яғни, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар – әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен жаңа әкімшілік іс жүргізу кодексін қабылдады. Сондай-ақ, «Е-өтініш» жүйесі әзірленуде, ол халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы сияқты «бір терезе» қағидатымен белгілі бір өтінішті, шартты түрде айтқанда «жұмыстан босату» әдеттегі практикасын болдырмау үшін азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарауға мүмкіндік береді. Осы бір терезе бастапқы қандай да болмасын мәселені қарау үшін адресатқа таратады», – дейді спикер.
Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енбек. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 93% қызмет электрондық нысанда көрсетіледі.
«Бұл күрделі мәселені іске асыруда агенттік тарапынан бірқатар шаралар іске асырылуда және жоспарлануда. Бүгінгі таңда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 93% қызмет электрондық нысанда ұсынылады. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді одан әрі дамыту мақсатында бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бұйрыққа сәйкес, тізілімдегі электрондық қызметтер үлесі 94,4% құрайтын болады», – деді Жазықбаев.
Спикер президент бекіткен тұжырымдамада мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметті алу адамдарға бағытталатынын атап өтті. Яғни, проактивті және композитті түрде көрсетілетін қызметтер жандандырылады. Қазіргі кезде проактивті нысанда 23 қызмет, композитті түрде 58 қызмет көрсетілуде.
Сондай-ақ сарапшылар «Тыңдау» жобасына да тоқталады. Бұл жоба –мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың өзара іс-қимылының тиімді нысаны болмақ. Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, жоба ұсыныстары қызмет алушылардың пікірі негізінде қалыптасады, олармен онлайн қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелер белгіленіп, нақты тиісті ұсыныстар қалыптастырылады.
«Бүгінгі таңда «Тыңдау» жобасы аясында мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан агенттік бұған дейін анықтаған 100 мәселе бойынша тиісті шаралар қабылданды. Оның ішінде «электрондық үкімет» порталындағы электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді агенттік өкілі.
Қазіргі кезде 65 қызмет бойынша олқылықтар түзетіліп, 35 қызмет бойынша оларды электрондық нысанда толыққанды көрсету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Жазықбаев мемлекеттік қызметкердің этикасын бақылау мәселесіне де тоқталды.
«Бұл мемлекеттік органдардағы әдептілікті көтеру жөніндегі жұмысты жетілдіруге аса мән беруді қажет етеді. Осыған байланысты, әдеп жөніндегі уәкілдер институтын жандандыра отырып, алдағы уақытта Әдеп кодексін де жетілдіру мәселесіне қатысты жұмыстар атқарылады», – деді ол.
Оның сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен дағдыларын үздіксіз арттыру қамтамасыз етіледі. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің өкілеттіктерін қайта қарауды және олардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруды талап етпек. Сондай-ақ алдағы уақытта мемлекеттік қызметке үміткердің кәсіби және жеке құзыреттерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту жоспарланып отыр.
«Тәуелсіз сарапшылардың қатысуы талапкерлерге біліктіліктің аса жоғары деңгейі талап етілетін позицияларға талап қою деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, талантты жастарды тарту және мемлекеттік аппараттың әлеуетін арттыру үшін президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді одан әрі жүйелендіру жұмысы жалғасады. Атап айтқанда, ағымдағы жылы президенттік резервке екінші қабылдау өтеді. Іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылады, бұл рекрутингтік процестердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді және кандидаттарды проактивті іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Дархан Жазықбаев.
Ол «кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» сияқты ұғымдардың енгізілетінін де атап өтті.
«Кадрлық жұмыстан адами ресурстарды басқаруға көшу персоналды басқару қызметтерін күнделікті жұмыстан босатуды және олардың қызметін цифрландыруды талап етеді» дейді ол.
Осы мақсатта агенттік операциялық кадрлық процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік беретін «iQyzmet» ақпараттық жүйесін құруды көздеп отыр.