Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

Жарияланды 27 Наурыз 2021 01:50

(жаңартылды 21 Қазан 2022 19:16)
Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:

Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

Бала денсаулығы паспорты»;

3х4 көлеміндегі 2 фото.

Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
 

Сондай-ақ оқыңыз