Ресурстар

IV тоқсанда оқушылар қалай оқиды?

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?

IV тоқсанда оқушылар қалай оқиды? Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Жасыл және сары аймақтарда:
барлық сыныптардың оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

Қызыл аймақта:

мектепалды даярлық, 1-5 сыныптардың (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет;
9, 11 (12) сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқиды,сыныпта балалар санын 15-тен асырмау қажет.

Республиканың барлық өңірінде:
контингенті 300 оқушыға дейін мектептерде балалар дәстүрлі форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет;
 сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?

9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады: 
оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; 
математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; 
өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:

оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; 
алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; 
Қазақстан тарихынан тестілеу; 
өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.