Шығыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін су басу қаупі бар
Ауа температурасының күрт жоғарылауы, өзендер мен су қоймаларының ашылуы, еліміздің шығыс өңіріндегі өзендерде мұз кептелістерінің орын алуы салдарынан Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Самар елді мекендерінің жеке секторын су басу қаупі туындады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысында көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында 2021 жылғы 27 наурызда сағат 06.00-де 52859 әскери бөлімінің жиынтық механикаландырылған жасағы көрші өңірге бағыт алды.
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу ауданына келгеннен кейін жиынтық механикаландырылған жасақ ТЖ жою басшысының жедел бағынысына өтеді.