Маусым айының соңына дейін Ұлыбританияның бүкіл әлеммен көлік байланысын қалпына келтіруі екіталай. Шетелде демалғысы келетін британдықтарға тамыз айына дейін мұндай мүмкіндік болмауы мүмкін. Ал, Ұлыбританиядағы келушілерге келетін болсақ, олар 10 күндік оқшаулану және 210 фунт стерлинг тұратын екі ПТР тестінен өтулері керек.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
⠀
Черногориядан, Солтүстік Македония Республикасынан және Босния мен Герцеговинадан мыңдаған адамдар Сербияға коронавирусқа қарсы екпе алу үшін келген. Бұған дейін Сербия билігі шетелдіктерге 27 және 28 наурызда ақысыз екпеден өтуді ұсынған. Бастама үлкен резонанс тудырып отыр.
⠀
Англияда 29 наурыздан бастап екі отбасыдан алты адамға дейін ашық ауада кездесулерге рұқсат етілді, ашық бассейндер мен спорт алаңдары ашылды. Бұл ретте билік тұрғындарға шұғыл қажеттілік болмаса алыс сапарлардан аулақ болуға шақыруда.
⠀
Чили президенті Себастьян Пинера індеттің өршуіне байланысты Конституциялық конвенция мүшелерін сайлау бойынша дауыс беруді мамырдың ортасына ауыстыруды ұсынды.
⠀
Чехияның Брно қаласындағы зертхана мамандары індетті жұқтырған науқастардың сынамаларын талдау арқылы коронавирустың жаңа мутациясын анықтаған. Модификация пепломерлерге – вирустық бөлшектің қабығындағы шыбықтарында орын алған.
Англияда ашық бассейндер мен спорт алаңдары ашылды
Чили президенті Конституциялық конвенция мүшелеріне дауыс беруді мамырдың ортасына ауыстыруды ұсынды
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
Көптомдық «Қазақстан тарихының» бесінші томы бекітілді
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
Қытай көліктеріне 2 жылдан кейін не болады
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Журналист Самал Ибраева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
«Артемида-2»: Айды айналып келген астронавттар Тынық мұхитына қонды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Мирзиёев Тоқаевқа Яссауи кесенесінің құнды мұрағаттарын табыстады
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Миллиардтар шеруі: Қазақстан банктерінің 2 айдағы таза табысы
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
Қор нарығы: Ирандағы бітім, алтынның серпілісі және KASE-дегі контраст
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Полицейлер 9 қабатты үйдің төбесінен 16 жастағы қызды құтқарып қалды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Шавкат Мирзиёев: «Тоқаевтың реформалары мен Әділетті Қазақстан идеясын қолдаймыз»
-
Оқу уақыты ~ 20 мин.
Алматы, Астана мен Шымкент: ірі қалалар Наурыз мерекесін тойлауға қанша қаржы жұмсады
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
NASA басшысы Байқоңырға келеді
-
Оқу уақыты ~ 10 мин.
Қазақстанда сәуірден бастап не өзгереді