Егіс науқанына 380 мың тонна дизель отыны бөлінді

Жарияланды 30 Наурыз 2021 09:50

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ақпан-маусым айларында Үкімет 380 мың тоннаға жуық жеңілдетілген дизель отынын бөлді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазіргі уақытта өңірлердің операторлары мұнай өңдеу зауыттарымен шарт жасасуда. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика министрлігі өңірлерге дизель отынын жөнелтудің күнделікті мониторингін жасайтын болады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ оқыңыз