Ресурстар

Елімізде коронавирустың британдық штамның 12 жағдайы анықталды

8 жағдайы Египет, Дубайдан келген азаматтардан табылды

Қазақстанда коронавирустың «британдық штаммының» 12 жағдайы анықталды. Бұл туралы ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығының» баспасөз-қызметі хабарлады, деп жазды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК. 

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр – Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар Қазақстан Республикасының 14 өңірінен алынды.

Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан «британдық штамм» генотипін анықтады. 

12 штаммның 8 жағдайы Шарм-эль-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды.

Қазіргі уақытта бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдары көп байқалуда.

Сондай-ақ «британдық штаммның» генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды. Бұл вирус шетелден келген азаматтардан таралған болуы мүмкін.