Ертіс ауданының тұрғыны қыз баланы балағаттағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
«Ертіс ауданының полицейлеріне арызданған әйел 30 жастағы аудан тұрғынының мас күйінде кәмелетке толмаған қызын балағаттағанын хабарлады. Учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғады, материал сотқа жіберілді», – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.
Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.