Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының және ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары жол құрылымы мен топырақ негізінің температурасы және ылғалдылығын бақылау бойынша жобаны жүзеге асыруды жалғастыруда. Биыл ел жолдарында 22 датчик орнатылады деп көзделген. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Былтыр Қазақстан жолдарында, атап айтқанда, «Шу айналма жолы», «Омбы-Майқапшағай» және «Ақтөбе-Атырау» автомобиль жолдарының учаскелерінде алғаш рет температура мен ылғалдылықты бақылау жүйесі орнатылған болатын.
2021 жылы Қазақстанның бірқатар өңірінде температура мен ылғалдылық датчиктерінің 22 жиынтығын орнату жоспарлануда. Осылайша, өлшеу кешендері Қазалы, Ақтау, Орал, Петропавл, Балқаш, Тараз, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Үшарал, Жезқазған, Қордай және Күйік өткелдері, Зайсан, Талдықорған және Өскемен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан, Атырау маңында орнатылмақ.
Датчиктер жол құрылымдарының су-жылу режимі параметрлерін автоматтандырылған жинақтауды жүзеге асырады. Содан кейін алынған мәліметтер бақылау орталығына беріледі. Зерттеулер ғалымдарға елдің әртүрлі аймақтарында климат пен жүктемені ескере отырып салу, қайта құру және жөндеу технологиясын түзетуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде қаржылық шығындарды айтарлықтай төмендетеді.