Бақытжан Сағынтаев COVID-19 вакциналарын жаппай жеткізуге, қабылдауға және сақтауға арналған инфрақұрылымның дайындығын тексерді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарын жалғастыру аясында №7 Қалалық клиникалық аурухана мен «КФК Медсервис Плюс» ЖШС қоймаларын аралап, халықты жаппай вакциналау үшін ҚР министрлігі жеткізетін вакцина дозаларын қабылдау мен сақтауға арналған инфрақұрылымның дайындығымен танысты. Қоймаларда вакцина дозалары екпе пункттеріне таратылғанға дейін сақталады.
Б. Сағынтаев вакциналарды сақтау және тарату алгоритмімен танысты, олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалған жағдайларды тексерді. Тауарларды қабылдау аймағында болып, тоңазытқыштарды қарап шықты.
Айта кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес вакциналарды сақтау үшін тоңазытқыш камералары сатып алынды. Қауіпсіздік үшін үш деңгейлі бақылау жүйесі, резервтік және негізгі тоңазытқыш агрегаторлары, 4 температура мен ылғалдылық датчиктері, электронды және механикалық термостаттар бар. Жалпы, қоймада әртүрлі медициналық бұйымдар мен препараттар сақталатынын ескере отырып, ылғалдылық пен ауа алмасуды сақтау мен бақылаудың әр түрлі аймақтары бар.
«КФК «Медсервис Плюс» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры Саида Ерденбекова вакциналар екі контейнерде жеткізіледі, бұл тәуекелдерді басқару және қауіпсіздік үшін қажет, өйткені жылу қораптары техникалық ақаулар болған жағдайда температураны сақтауға мүмкіндік береді деп айтты.
Вакциналауға бекітілген медицина қызметкерлері вакцинамен жұмыс жасауды дұрыс меңгерген.
Жұмыс сапары кезінде Б. Сағынтаев сонымен қатар №36 қалалық емханада болды, онда вакцинация барысын тексеріп, вакцина алуға келген қала тұрғындарымен әңгімелесті. Клиника басшылығы вакцина алғысы келетіндердің саны артқанын хабарлады. Халықты вакцинациялау алгоритмінде адамдардың қаптап кетуіне жол бермеу үшін алдын-ала тіркелу қарастырылған.
Медмекемелерді аралаған қала әкімі короновирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу барысымен де танысты.
Жалпы қалада вакцинацияның барысы жоспарланған көрсеткіштерге сәйкес жүруде. Жұмыс үнемі бақылауда болады.