Қазақстандағы жолдардың 4,7 мың шақырымында құрылыс жүріп жатыр

Жарияланды 6 Сәуір 2021 11:20

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Республикалық жолдардың 4,7 мың шақырымында жол-құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл республикалық жолдардың 4,7 мың шақырымында жол-құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 3,6 мың шақырымында жолдар салынып, қайта жаңарту жүргізілуде.

Жыл қорытындысында 2,2 мың шақырымын пайдалануға беру, 1,2 мың шақырымында қозғалыс ашу жоспарланған. 1,1 мың шақырым жол күрделі және орташа жөнделеді (күрделі – 485 км, орташа – 663 км).

Сондай-ақ оқыңыз