Ақтауда 66 жастағы ер адам есірткімен ұсталды
Ақтауда 66 жастағы ер адам есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізіліп, бақылау мақсатында С. есімді азаматтан салмағы 1,9 грамм «героин» есірткісін сатып алу операциясы жүргізілді. Бұдан әрі 2021 жылы 2 сәуірде сағат 15:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде тұрғылықты жері бойынша пәтерден 66 жастағы азамат С. ұсталды.
Тінту барысында пәтерден: – салмағы 30 грамм болатын «героин» есірткі заты бар шыны банкі; – салмағы екі грамм «героин» есірткі заты бар бір қағаз түйіншек; – бір дана «ПМ» маркалы тапанша және екі дана тапаншаның оқ-дәрісі; – бір дана «Стражник» маркалы тапанша, тоғыз дана оның оқ-дәрілері; – үш дана қолдан жасалынған пышақтар; сондай-ақ, пәтердің тоңазытқышынан салмағы бес келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтардың төрт данасы табылып, алынды.
Одан әрі ұсталған азаматтың «Шығыс-1» ықшам ауданындағы салынып жатқан үйінде жұмысшы 60 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болған. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде үйден: – бір дана «ОСА Лазер» маркалы тапанша, үш дана оның оқ-дәрілері; – бір дана қолдан жасалған пышақ табылып тәркіленді. Тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша ұсталған азамат Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал шетелдік азамат қазіргі уақытта қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Аталған қылмыстық іс бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, қосымша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.