Ресурстар

Жастар қандай қызмет салаларын жиі таңдайды

Мамандық бойынша шешім қабылдамағандардың қатарында ұлдардың үлесі басым

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, жасөспірімдер медицина, білім беру және қарулы күштер сияқты әлеуметтік маңызы бар қызмет салаларын жиі таңдайды. Бұл ретте қыздардың таңдауы кең таралған мамандықтарға бағытталса, ал ұлдар әртүрлі қызмет салаларын таңдады.

Дегенмен, мектеп түлектері арасында әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім болашақ мамандығын әлі де таңдап үлгермеген.

Айта кеткен жөн, шешім қабылдамағандардың қатарында қыздарға (17%) қарағанда ұлдардың үлесі басым (27%). Осыған байланысты жоғары оқу орындары мен колледждер мектеп оқушылары арасында кәсіпке бағдарлау жұмысын тұрақты негізде жүргізуі тиіс.