Ресурстар

Еңбек инспекторлары 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Ағымдағы жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 321 кәсіпорнында 6,4 мың жұмыскердің алдында 1,007 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.    

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 254 нұсқама беріліп, 27,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 947,9 млн теңге төленді.