Елімізде биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Жарияланды
Бірінші тоқсанында 2,9 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді
Қазақстанда 2021 жылы 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлімдеді.
2021 жылдың бірінші тоқсанында елімізде 2,9 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6%.
2020 жылға қарағанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Павлодар облысынан (80,6%) өзге барлық 16 өңірде артты.
Өңірлер арасындағы көшбасшылар:
Қостанай облысы (120%),
Қарағанды облысы (112,7%),
Батыс Қазақстан облысы (111,6%),
Шымкент қаласы (590%).
Республика бойынша барлығы 23 663 тұрғын үй тапсырылды. Оның ішінде – 8 637 жеке үй.