Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Турдиев 14 сәуірде 2021 жылғы 19 ақпандағы N 4 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайты.
Санитарлық дәрігер Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шектеу шараларын 15-28 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
«Шектеу шараларының режимі мен уақыты аймақтағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша өзгеріп отырған жағдайға сәйкес қайта қаралуы мүмкін», – деді санитарлық дәрігер.