Қарағанды облысында қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубы қызметінің жолы кесілді
Жарияланды
Заңсыз ойын бизнесін 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұйымдастырған
Қарағанды облысында Қарағанды қ. қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубы қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Заңсыз ойын бизнесін 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұйымдастырған.
Тергеу барысында 2 млн.теңге және 1 мың АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты, ойын карталарының колодасы, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару фактілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Тергеу амалдары жүргізілуде.