Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар мемлекетке елші тағайындалды

Жарияланды 19 Сәуір 2021 07:00

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар мемлекетке елші тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды. 

Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы лауазымына тағайындалды;

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз