Ресурстар

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша мониторинг жүргізілді

Қаржылық инклюзия жөніндегі жұмыс тобы талдау жүргізді

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (МША) қаржылық қолжетімділікті және қаржылық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыс тобының өкілдері банк ұйымдарының төрт бөлімшесінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті аспектілердің болуы тұрғысынан мониторинг жүргізді. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Атап айтқанда, кіре беріс алаңының қолжетімділігі талданды: ыңғайлы және жабдықталған пандустардың, көздері нашар көретін адамдарға арналған арнайы жолдардың болуы, қызметкерді шақыру батырмасы және көмек көрсету процесі. Сонымен қатар, банкоматтар мен терминалдарды МША түрлі санаттарының қолдана алу мүмкіндігі тұрғысынан технологиялық құрылғыларға талдау жүргізілді.

Мониторингке қозғалысы шектеулі, көздері нашар көретін топтағы мүгедектердің өкілі, сондай-ақ Қ. Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы Вениамин Алаев, жұмыс тобының хатшысы Дмитрий Акмаев және банк ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мониторинг шеңберінде Алматы қаласындағы әр түрлі банк ұйымдарының 4 бөлімшесіне талдау жасалды, сәйкессіздіктер тізімі жасалды және бірқатар ұсынымдар әзірленді. Бұған дейін банк ұйымдарының өздері бұл бөлімшелерді МША қажеттілігіне бірден-бір сай келетін бөлімшелер деп анықтағанын айта кету керек.

Гоголь көшесі, 91 мекенжайында орналасқан  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлімшесі 

Заттай қол жеткізу 

Банкоматтарға қол жеткізу үшін ыңғайлы пандус бар. Бөлімшеге кіруге арналған пандустар да бар (алайда, екінші таяныштары жоқ). Қызметкерді шақыруға арналған бастырма бар. Бөлімшеде арбадағы МША санатындағы клиенттер үшін арнайы касса бар, сондай-ақ жабдықталған әжетхана бар. Көру қабілеті төмен клиенттерге арналған арнайы белгілеулер, сондай-ақ бөлімшенің есігінде түрлі-түсті таңбалау жоқ. 

 
Құрылғылардың қолжетімділігі 

Банкоматтардың биіктігі мүгедек арбасында отыратын клиентке қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Банкоматтар мен терминалдар брайль қарпімен және дыбыстық көмекшілермен жабдықталмаған, бұл клиенттердің нашар көретін санаттарының оларды пайдалануына мүмкіндік бермейді.

 
Өнімнің қолжетімділігі және қызметкерлердің біліктілігі 

Қызметкерлер МША өкілдеріне тез, білікті және кезексіз қызмет көрсетті, бұл ағымдағы заңнамаға сәйкес келеді. Құжаттарға қол қою үшін көру қабілеті төмен клиенттерге факсимилені қолдануға рұқсат берілді. Жұмыс тобының қатысушысы бар-жоғы 10 минут ішінде есепшот ашты және қызмет көрсетудің барлық талаптарымен танысты.

Жалпы қорытынды 

Аталған бөлімше МША барлық санаттарының сұраныстарына неғұрлым сәйкес келген бөлімше болып шықты және біраз кемшіліктерді жойған жағдайда (көру қабілеті төмен клиенттерге брайль қарпін және таңбалауды белгілеу) 100% инклюзивті болмақ.