Алматы нарығында АТ мен денсаулық сақтау салаларының мамандары сұранысқа ие

Жарияланды
Бұған пандемия әсер еттті

Алматы нарығында АТ-мамандары мен білім және денсаулық сақтау салаларының мамандары сұранысқа ие. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Пандемия кезіндегі сұранысқа ие мамандар тізімін Алматы қаласының халықты Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова жариялады. Бұл тізімде жұмысшы мамандықтар бар, олардың қызметіне мегаполистің кәсіпорындары өте мұқтаж. 

Диляра Иманқұлованың айтуынша, пандемия кезінде көптеген алматылықтар тұрақты дамып келе жатқан және өздері күтетін жалақы тұрғысынан ең тартымды болып табылатын АТ салаларында жұмыс істеуге ұмтылады. Бұған көптеген ұйымдардың қашықтықтан жұмыс істеу режиміне және онлайн форматқа ауысуы әсер етуі мүмкін.

Тағы бір ерекшелік — білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандарына сұраныстың артуы. Әрине, бұрынғыдай сұранысқа ие мамандықтардың қатарында — жұмысшы мамандықтар. Қалаға құрылысшылар, дәнекерлеушілер, монтажшылар, сылақшылар, тігіншілер, бухгалтерлер, шаштараздар, курьерлер, техникалық қызметкерлерге қызмет көрсететін күзетшілер қажет.

    «Біздің қала тұрғындарын „Еңбек“ бағдарламасы бойынша оқытуға және жұмысқа орналастыруға, кейіннен өз ісін ашуға грант алу үшін „Бизнес Бастау“ жобасына қатысуға көмектесуге мүмкіндігіміз бар», — деп хабарлады Диляра Иманқұлова.

Жұмыспен қамту орталығының спикері экономистер мен заңгерлерге жұмыс табу бұрынғысынша қиын екенін атап өтті. Алайда, осы мамандықтардың түлектерінің «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының арқасында тәжірибе жинау мүмкіндіктері бар. Алматының 500 ұйымы жоғары оқу орындарының, арнайы оқу орындары мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмысқа қабылдауға дайын.

Пандемия көрсеткендей, еңбек нарығы жұмыс процестерін қайта құру қажет деген шындыққа бетпе-бет келді, сондықтан қала тұрғындарының сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын үйренуге мүмкіндіктері бар. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, онда оқу және кейіннен жұмысқа орналасу туралы толық ақпарат алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз