Алматыда бірінші тоқсанда 8800-ден астам азамат жұмыспен қамтылды

Жарияланды
Жұмысқа орналасуға көмек сұрап 11 мыңға жуық адам жүгінді

Алматыда халықты жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қ. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева айтып берді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Елімізде нәтижелі жұмыспен қамтудың «Еңбек» кешенді бағдарламасы қабылданды, оны іске асыру құралы Жұмыспен қамту орталығы болып табылады. 

 «Алматының жұмыспен қамту орталығына бірінші тоқсанда жұмысқа орналасуға көмек сұрап 11 мыңға жуық адам жүгінді. Оның ішінде 8863 адам жұмысқа орналастырылды», — деді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева.

Спикер «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы айтарлықтай мықтап беки түскенін айтты. Соның арқасында ЖОО мен АОО түлектері алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін ала алады. Назира Тоғызбаева Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша жастар тәжірибесіне қатысушылардың жалақысы 73 мыңнан 102 мың теңгеге дейін артқанын атап өтті.

 «Жастар жұмысқа орналасу кезінде көбінесе тәжірибенің жоқтығы сияқты проблемаға тап болатыны белгілі. Жұмыспен қамту орталығының мамандары бұл мәселені ірі кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге жаңа кадрларды іріктеу арқылы шешуге көмектеседі», — деп нақтылады Нәзира Тоғызбаева. 

Жақын арада оқу орындарының жаңа түлектері пайда болады, сондықтан Жұмыспен қамту орталығы оларға жұмысқа орналасуға көмектесуге дайын.

Сонымен қатар, жұмыспен қамтылмаған алматылықтарды оқыту мәселесі шешілуде. Қысқа мерзімді курстарда 1000 адамды оқыту жоспарлануда.

 «Бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтар тізімі бекітілді, оқуға ниет білдірген жұмыссыздар арасында сауалнама жүргізілді, 800 адамнан тұратын резерв жасалды», — деп хабарлады басқарма басшысы.

Алматыда 26 оқу орталығы 37 мамандық бойынша курстар ұйымдастыруға дайын. Айта кетсек, оқу орталықтарын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының тізіліміне енгізу шарттарының бірі болып табылады, онда 78 оқу орталығы тіркелген.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды қысқа мерзімді курстарға жібере бастайды.

Алматыдағы жұмыс іздеушілер арасында тағы бір сұранысқа ие тілек — өз ісін ашу. Бұған Жұмыспен қамту орталығында да көмектесе алады.

 «Өз бизнесін ашу және іске асыру үшін 165 адам 583 мың тг дейін қайтарымсыз гранттар алды. Негізгі қызмет түрлері – тігін ісі, тамақ дайындау, маникюр және шаштараз өнері және басқа да қызметтер», — деп нақтылады Нәзира Тоғызбаева.

Қорытындысында спикер жұмыссыз қалған Алматы тұрғындарын Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге, жұмыссыз ретінде тіркелуге, бағдарламаларға қатысуға шақырды. 

Сондай-ақ, Алматының жұмыс берушілері бұл процеске тартылып, қызметкерлерді жұмыспен қамту орталығы арқылы іздейді. Жұмыс берушілер үшін бұл да көмек — өйткені мемлекет жалақының бір бөлігін субсидиялайды, сонысымен де тиімді.
 

Сондай-ақ оқыңыз