Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

Жарияланды
Отан қорғаушылар күніне орай және 9 мамырда дәстүрлі әскери парад болмайды

Бес күндік жұмыс аптасы бар Қазақстан тұрғындары мамыр айында 13 күн демалады. Бұл туралы Egov.kz сайтында жарияланған мереке күнтізбесінде айтылған.

Атап айтсақ, 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеді. Оның мақсаты – ұлтаралық келісім мен мәдениетаралық диалогты нығайту. Мереке сенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс 3 мамыр, дүйсенбі болады.

7 мамыр, жұма күні қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Қазақстанның тұңғыш президенті 1992 жылы осы күні ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы жарлыққа қол қойған.

9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтеді. Ол жексенбіге түсіп, дүйсенбіге ауыстырылады. Бұл күні КСРО-ның Ұлы Отан соғысындағы жеңісіне 76 жыл толады.
 

Сондай-ақ оқыңыз