Ресурстар

Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын қалай алуға болады

Терезеден құлап, қайтыс болған балалардың негізгі жасы – 2-ден 6 жасқа дейін

Терезеден құлау – балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қалаларда жиі кездеседі. 2021 жылдың басынан бері елордада осындай екі оқиға тіркелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Статистика көрсеткендей, көп жағдайда балалардың құлауы ересектердің қарауынсыз қалған сәтте немесе ата-аналардың назарынан тыс қалған уақытта болады.

Оқиғалардың көп бөлігі сәуір-қазан аралығында болады. Терезеден құлап, қайтыс болған балалардың негізгі жасы – 2-ден 6 жасқа дейін.

Балалардың жарақаттануын төмендету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

– кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, құлау жағдайларының көпшілігі балалар қараусыз қалған кезде болады;
– жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыс қойыңыз, бала осы арқылы терезе алдына оп-оңай шығып алады;
– москит торларына сенбеңіз. Олар құтқарып қалуға арналмаған! Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, сүйенуі мүмкін. Тіпті ең сапалы торлар баланың салмағын ұстап тұра алмайды;
– егер бала бөлмеде болса, терезе мен балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы терезелерді немесе желдету режимін қолданыңыз;
– терезелерге мүмкіндік бермейтін арнайы фиксатор қойыңыз, бұл баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейді;
– терезенің тұтқасына құлып орнатыңыз;
– егер сіз балаңызға терезенің алдынан бірдеңе көрсетсеңіз, оны мықтап ұстап тұрыңыз, баланың жылдам қимылына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болсын, балаңызды киімнен ұстамаңыз;
– егер сізде бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкіндігі болмаса, бекіткіш тұтқаларды бұрауышпен оңай бұрап, қажет болған жағдайда бірден шығарып алып тастай аласыз;
– балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз, үлкендердің кішіге бас-көз болуын үйретіңіз.