Конфиденциалды деректер. Оларды қалай қорғауға болады

Жарияланды
Қауіпсіздік қағидалары

Дербес деректердің жария болуы, өкінішке орай, жиі кездеседі. Пайда көзін табудың жаңа тәсілдерін ойлаудан жалықпайтын алаяқтар дербес деректерді қолға түсіруге тырысып бағады. Ақпаратты қалайша қорғау және алаяқтардың құрығына түспеу үшін не істеу қажет Бұл туралы Fingramota.kz айтып береді.

Егер деректер мәлім болған жағдайда 

Шын мәнінде бүкіл әлемдік желіде сізге және сіздің әмияніңізге айтарлықтай залал келтіретін, сіз туралы еркін табылатын мәліметтер әлі де жеткіліксіз болар. Алайда, олар сізді шатастырып, өздеріне жетіспей тұрған фрагменттерді сіз өз еркіңізбен беруіңізге мәжбүрлей алатын әлеуметтік инженерия әдістерін қолданатын алаяқтарға көмегін тигізеді.

Біз осыған дейін өздерін банк қызметкерімен деп таныстырып, шоттың және банк картасының деректерін біліп алуды көздейтін алаяқтар жөнінде айтқанбыз. Оларға сол желідегі бар ақпарат көмекке келеді. Әлбетте, сізді аты-жөніңізбен толық атап, сіздің туған жылыңыз бен күніңізді немесе жеке куәлігіңіздің нөмірін біліп, айтып тұрса – бұл, еріксізден, хабарласып тұрған адамға деген сенімді арттырады.

Тағы да еске саламыз, банк қызметкерлері ешқашан бірінші болып телефон шалмайды, сондықтан мұндай сөйлесулерді бірден доғарған жөн.

Қауіпсіздік қағидалары.

Өз деректеріңізді 100% қорғап қалу мүмкін емес, дегенмен де нақты шабуылдардың ықтималдылығын төмендете аласыз. Ол үшін мынадай бірқатар қағиданы сақтау керек:

1. ПИН-кодты картаға жазбаңыз және оны бөтен адамдарға айтпаңыз, оны банкоматтар мен POS-терминалдардан басқа ешбір жерге енгізбеңіз;

2. Картаңыздың толық мәліметтерін ешкімге айтпаңыз және оның фотосуреттерін желіде немесе мессенджерлерде орналастырмаңыз. Егер біреу сізге ақша аударғысы келсе, оған тек карта нөмірі немесе жай телефон нөмірі қажет;

3. Ешқашан бөтен адамдарға жеке деректеріңізді, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін айтпаңыз немесе жібермеңіз; 

4. Жеке және банктік деректерді Интернетте жарияламаңыз, кафеде/ мейрамханада төлемдер жасау кезінде картаңызды көзден таса қылмаңыз;

5. Жеке ақпаратты ұсынуды талап ететін күмәнді интернет-конкурстар мен лотереяларға қатысудан аулақ болыңыз;

6. Егер сіз онлайн-сатып алуды жүзеге асырғыңыз келсе, сайттың лллшынымен де интернет-дүкенге жататындығына көз жеткізіп, мекенжай жолында сайттың жазылуын мұқият тексеріңіз, ол HTTPS және жабық құлыптың белгісінен басталуы керек;

7. Тек Интернеттен сатып алуға арналған жеке картаны ашыңыз;

8. Өз карталарыңыз бойынша транзакция туралы деректерді жылдам алу үшін SM/Push хабарламалары қызметін қосыңыз;

9. SMS/Push хабарламаларының мазмұнын мұқият оқып шығыңыз, егер сіз өзіңіз жасамаған операция туралы хабарлама алсаңыз – парольді енгізбеңіз және банкке қоңырау шалыңыз;

10. Операциялардан бас тарту немесе жою үшін ешқашан пароль енгізбеңіз – мұндай сұраныстарды тек алаяқтар жасайды;

11. Банктен біліңіз, егер мүмкін болса, төлем картаңыз үшін 3D-Secure (VISA) немесе SecureCode (MasterCard) функциясын қосуды сұраңыз.

12. Электрондық поштаңызға және сайттардағы жеке тіркелгілерге күрделі парольдерді қолданыңыз. 12345 немесе Password сияқты құпия сөздер сізді қорғамайды. Құпия сөздер әр түрлі болуы керек, 10 таңбадан артық, үлкен және кіші әріптермен, сандармен және арнайы таңбалармен. Құпия сөз сіз үшін мағыналы және есте сақталатын етіп жасауға тырысыңыз. Бұны құпия сақтаңыз;

13. Егер сіз картаның мәліметтерін күмәнді сайтқа енгізген болсаңыз немесе қателесіп алаяқтарға хабарлаған болсаңыз, онда картаны дереу бұғаттау үшін банкке хабарлаңыз;

14. Электрондық құрылғыларға күмәнді бағдарламаларды орнатудан аулақ болыңыз.

15. Жеке Интернет-банкингке қол жеткізу үшін жалпыға ортақ (ашық) wi-fi желілерін пайдаланбаңыз;

16. Интернет-банкинг қызметтерін қосатын құрылғыларда антивирустық бағдарламалық қамтылымды қолданыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз