Әлеуметтік желіде вакциналар Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг ауруларының дамуына себеп болуы мүмкін деген ақпарат таратуда. Бұл иммундауға арналған препараттардың құрамындағы алюминий салдарынан олады екен. Бұл жалған. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.
Алюминий адъюванты кейбір вакциналарда қолданылады. Бұл препарат құрамындағы әлсіреген патогеннің аз мөлшеріне күшті иммундық реакция тудыру үшін қажет. Мұндай адъюванттар 1930 жылдары қолданыла бастады. Сол кезден бері Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг аурулары түріндегі кешіктірілген жанама әсерлер тіркелмеген.
Сонымен қатар, вакциналардың құрамындағы алюминий мөлшері рұқсат етілген нормалардан аспайды және адам денсаулығының жай-күйіне әсер ете алмайды.
АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының қаулысына сәйкес, алюминийдің тәуліктік нормасы 25 микрограммнан аспауы тиіс. Алайда, бұл норма тек парентеральды тамақтану жүйесіне қосылғандарға (қоректік заттарды тікелей қанға енгізу) және емшек сүтін алмастырғыштармен қоректенетін сәбилерге қатысты. Вакцинамен алюминийдің осындай дозасын алу және оны тері астына енгізу мүмкін емес.
Күнделікті өмірде адамдар күніне 25 микрограммнан артық алюминий тұтынады. Бұл металл қара бидай мен бидай ұны, картоп, қырыққабат, баялды, қызылша, бұршақ, күріш, киви және т.б. кеңінен қолданылатын өнімдерде кездеседі.
Айта кетейік, Паркинсон, Альцгеймер және Лу Геринг аурулары егде жастағы адамдар арасында өте жиі кездеседі. Оның үстіне, Паркинсон мен Альцгеймер аурулары алюминий қосылған вакциналар мен адъюванттар ойлап табылғанға дейін анықталған және толық сипатталған.
Лу Гериг ауруының шығуының нақты себептері әлі белгісіз. Кейбір жағдайларда ол тұқым қуалайтын гендік мутация нәтижесінде туындайды, бұл оның вакцина алу салдарынан болуы мүмкін еместігін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, вакциналарда алюминий адъюванттарын қолдану нәтижесінде аталған аурулардың туындайтыны туралы теория дұрыс емес және фактілерге қайшы келеді.