Алматыда 1-10 мамыр аралығында зираттар жабылады

Жарияланды
Ата-ана күні неғұрлым қолайлы кезеңге ауысады

Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабылады. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

     «Біз жаппай адам жиналатын жерлерді шектеуге тырысамыз. Көп адамдар зираттарға баратынын білеміз. Былтыр жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдыруға тура келген. Биыл жағдай күрделене түседі, өйткені мутацияланған штамдар бар, үнді штаммының таралуы үлкен алаңдаушылық тудырады. Мен қала тұрғындарынан ата-ана күнін неғұрлым қолайлы кезеңге ауыстыруды сұраймын. Зираттар 1-10 мамыр аралығында жұмыс істемейді. Біз дәл осы күндері зираттарға баруды шектеу туралы шешім қабылдаймыз», – деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ оқыңыз