Кремль: Путин мен Байденнің кездесуі жаз айларына жоспарланды

Жарияланды
Бірақ нақты күні белгіленген жоқ-Дмитрий Песков

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуі жаз айларына жоспарланған, бірақ нақты күні мен кездесудің қай елде болатыны әлі белгіленген  жоқ.Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

 «Шынында да, белгілі бір ұсыныстар айтылды. Бірақ мен әлі күнге дейін күнді растай алмаймын.», – деді ол.

Песковтың айтуынша, кейбір соңғы келісімдерге келу үшін әлі талай факторларды талдауға тура келеді.

 «Әзірге бірде-бір елдің аты аталған жоқ [кездесу болатын жерде]», – деді Кремль өкілі.
 

Сондай-ақ оқыңыз