Нұр-Сұлтанда масалар санын азайту үшін ауқымды дезинфекция жүргізілуде
Елорданың төрт ауданында масалардың су қоймаларынан қала аумағына жаппай көшуіне жол бермеу мақсатында ауқымды дезинсекциялық өңдеу жалғасуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Сәуір айының басынан бастап қалада таяз су қоймаларына, яғни масалардың көбейетін орнына энтомологиялық зерттеу жүргізілуде. Бұл жұмыс олардың жаппай көбеюін болдырмас үшін уақтылы дезинсекциялау жұмыстарын жүргізу мақсатында атқарылады.
Сондай-ақ, су қоймаларынан қала аумағына және оның айналасына жаппай көшуіне жол бермеу үшін жоспарлы дезинсекциялық өңдеу жалғасуда.
Масалар мен шіркейлердің таралмауы үшін ашық станцияларды өңдеу жоспарлануда. Ауа райы қолайлы болған жағдайда дезинсекциялық жұмыстар үшін елорданың шет аймақтарынан, сол сияқты Ақмола, Қарағанды облыстары маңайынан масалар мен шыбын-шіркейлердің жаппай ұшып келуіне жол бермеу үшін қала айналасындағы қорғаныс кедергілерін өңдеу басталады.
Дезинсекциялық іс-шаралар қала орталығында да, тұрғын алаптарында да жүргізілетін болады.
Айта кету керек, бұл жұмыстар елордадағы масалар мен шіркейлердің санын азайтуға бағытталған. Елордада барлық масалар мен миджаларды толығымен жою мүмкін емес, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады.