Жазғы балалар лагеріне теріс ПТР-тесті болған жағдайда рұқсат етіледі

Жарияланды
Жұмыс басталғанға дейін 72 сағат бұрын жүргізілген

ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары карантин кезеңіндегі балаларды сауықтыру лагерлерінің жұмысы туралы айтып берді.Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылы балалар лагерьлерінің қызметіне рұқсат етілген, бірақ әлеуметтік-экономикалық нысандардың «жасыл» аймақтағы жұмыс критерийлеріне сәйкес жазғы лагерьлер шектеусіз, «сары» аймақтағы лагерьлерде 50% толғанда және «қызыл» лагерьлерде 30% толғанда жұмыс істейді.

«Алгоритм жұмыс басталғанға дейін 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберуді көздейді», – деп хабарлады ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының бас сарапшысы Индира Басманова.

Ол атап өткендей, әрбір балаға келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттар (сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған 079/у нысаны медициналық анықтама), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар, келуден 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19 зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс.
Сарапшының айтуынша, барлық сауықтыру ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №146 бұйрығымен бекітілген «Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Барлық балаларды сауықтыру ұйымдары (жыл бойы жұмыс істейтін ұйымдарды қоспағанда) сауықтыру маусымы басталғанға дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті.

Жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдары объектіні пайдалану басталғанға дейін бір рет санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

И. Басманова Комитет сайтында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Балаларды сауықтыру ұйымдарының тізімі орналастырылғанын еске салды.

СЭБК деректері бойынша, 2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша 12 балалар сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды, оның ішінде өңірлер бөлінісінде: Алматы, Павлодар, Түркістан облыстары – 1, Ақтөбе – 2, Қызылорда-7.

Сарапшы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жанында 8 (7172) 74-18-64 телефоны бойынша «Жедел телефон желісі» жұмыс істейтінін, онда балаларға арналған жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда хабарласуға болатынын атап өтті.

 

Сондай-ақ оқыңыз