2021 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Қытай, Грузия, Беларусь, Украина, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Өткен тәулікте 3 484 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 759 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 066 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 298 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 140 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 78 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 143 жолаушы;
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.