Алматыдағы зираттар көпшілікке 11 мамырдан бастап ашық. Ақпаратты қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ.
Бұған дейін қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы зираттар 1 мамырдан 10 мамырға дейін жабылатынын айтып, ата-аналар күнін анағұрлым қолайлы мерзімге ауыстыруды сұрады.
«11 мамырда зираттар көпшілікке ашық», – деді бөлім басшысының орынбасары Садуақас Байғабулов.
Естеріңізге сала кетейік, биыл ата-аналар күні 11 мамырға сәйкес келеді. Бұл қайтыс болғандарды ерекше еске алу күні. Радоница Пасха мерекесінен кейін 9-шы күні атап өтіледі.