Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск оның автомобиль компаниясы енді биткоинді өнімдерге төлем құралы ретінде қабылдамайтынын айтты. Өйткені криптовалютаны өндіру үшін электр энергиясының көп мөлшері қажет – және бұл қоршаған ортаға зиян.Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Маск бұл туралы твиттерге жазғаннан кейін биткоин бағасы 10% -ға төмендеді. Сонымен қатар,Tesla акциялары да арзандады.
«Біз энергияның көбірек органикалық көздерін, әсіресе көмірді өндіру және битоинмен операциялар жасау үшін пайдаланылатындығына алаңдаймыз.Криптовалюта – бұл жақсы идея. .. бірақ ол қоршаған ортаға тұрарлықтай қымбат емес»- деді Маск.