Жаңалықтар

Алматыда ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

Күдікті қамауға алынды

Алматыда ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл – 1982 жылы туған К.есімді азамат. Ол ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі, 2-тармағымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр. Күдікті қамауға алынды. 

   «Естеріңізге сала кетейік, бір топ азамат Алматы қалалық полиция департаментіне қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD technology» ЖШС лауазымды адамдарына қатысты ұжымдық өтінішпен жүгінді. Сотқа дейінгі тергеу барысында 2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысуға талап етілген қаражатты тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасағаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар әр салымшыға ай сайын енгізілген соманың 20% төлеуі керек болатын. Сонымен қатар, «ASTEX.KZ» ЖШС-не 160 салымшыдан бір миллиард теңгеге жуық қаражат оның агенттік компаниясы «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы түскені анықталды. Сондай-ақ, басқа компаниялар да анықталды, олар арқылы салымшылардан ақша ағындары «ASTEX.KZ» ЖШС мен «ACD technology» ЖШС-не беріліп отырған», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.  

Сонымен қатар 1974 жылы туған М. есімді азамат та қаржы пирамидасын құру мен басқаруды жасады деген күдікке ілінді. Оны ұстау үшін жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.