Банк пен қаржы

Қазақстандағы ең бай 7 адам кім?

forbes.kz еліміздегі ең бай бизнесмендердің тізімін жариялады

Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің тізімі жарияланды. Forbes тізімінде Владимир Ким, Вячеслав Ким, Болат Өтемұратов пен Михаил Ломтадзе көш бастап тұр. 

 Елдегі ең бай бизнесмендердің тізімі алғаш рет 2012 жылы жарияланған. Биыл байлардың бүкіл жиған-тергені бойынша рекорд орнатылыпты. Олардың жиынтық байлығы – 24,1 миллиард долларды құраған. Бұл  былтырғын көрсеткіштен екі есе көп (12,7 миллиард доллар).

Былтыр тізімде болған төрт ауқатты кісі  биыл тізімге енбеген, олардың арасында  Сержан Жұмашов, Нұрлан Бизақов және Анатолий Балушкин бар. Тізімге жаңадан енгендер: Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Қайрат Итемгенов және Сейсенбаевтар отбасы.

Елдегі ең бай жетілікті қос Ким бастап тұр.

Сонымен елдегі ең бай 7 бизнесменнің байлығы мынандай:

•  Владимир Ким – 4,7 миллиард доллар;
•  Вячеслав Ким – 4,2 миллиард доллар;
•  Михаил Ломтадзе – 3,9 миллиард доллар;
•  Болат Өтемұратов – 3,5 миллиард доллар;
•  Тимур Құлыбаев – 2,9 миллиард доллар;
•  Динара Құлыбаева – 2,9 миллиард доллар;
•  Тимур Турлов – 2 миллиард доллар.