«Жайна Астана» қоғамдық бірлестігі санитарлық нормаларды ескере отырып, I, II, III топтағы мүгедектерді, жеке көмекшілерді, мүгедек балалары бар ата-аналарды цифрлық сауаттылық бойынша тегін окыту курстарына шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік корғау баскармасының көмегімен курстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтеді.
Сабақтар осы жылдың 4 мамырынан 30 қарашасына дейін төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:
1. Негізі компьютерді пайдалану;
2. EGOV электрондық үкімет порталын оқыту;
3.Әлеуметтік қызметтер порталы;
4. ZOOM;
5. WhatsApp пайдалану;
6. Банк қосымшалары;
7. ЭЦҚ кілтін алу.