Токиодағы 6000-ға жуық дәрігер қаладағы коронавирустың төртінші толқынына байланысты Олимпиаданы өткізбеуге шақырды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Осыдан бір апта бұрын жапондық клиникалардың дәрігерлер тобы олимпиаданы қауіпсіз өткізудің мүмкін еместігін мәлімдеді. Жапония тұрғындарының басым бөлігі де бұл шараны кейінге қалдыруды жақтады. Елдегі 47 префектураның 9-ында төтенше жағдай мамыр айының соңына дейін жарияланды. 125 миллионнан астам жапондықтардың тек үш пайызы ғана вакцинацияның бір дозасын алды, ауруханалар толып, дәрігерлер жүктемесі арта түсті.
Берлиндегі мемлекеттік мұражайлар 21 мамырдан бастап қайтадан көпшілікке есігін айқара ашатындықтарын мәлімдеді. Мұражайларға кіруге ПТР тест және сол күні алынған экспресс-тесттің теріс нәтижесі болған кезде, сондай – ақ FFP2 қорғаныс маскасы және алдын-ала брондалған уақытқа билет алынған кезде рұқсат беріледі.
Испанияда жүргізілген Combivacs зерттеуіне сәйкес, Astrazeneca-ның бірінші дозасынан кейін Biontech/Pfizer вакцинасының екінші дозасын алу қауіпсіз және тиімді. Ғалымдар Astrazeneca препаратының екі дозасын алған бақылау тобына қарағанда иммундық жауаптың 30-40 есе жоғары екенін анықтады. Сонымен қатар зерттеуге қатысқан 600 адамның тек бірен-саранында елеулі жанама әсерлер байқалды. Бірқатар елдердің билігі тромбоз қаупінің жоғарылауына байланысты Astrazeneca препаратын Biontech/Pfizer немесе Moderna вакцинасымен біріктіруді ұсынады. Германияда бұл 60 жасқа дейінгі тұрғындарға қатысты жүзеге асырылады.
Ресми мәліметтерге сәйкес Мәскеудегі COVID-19 бойынша күнделікті ауршаңдық көрсеткіші 2430 жағдайға дейін төмендеген, бұл бір күн бұрынғы мәліметке қарағанда мың адамға аз, деп хабарлады Коронавирус ахуалын бақылау жөніндегі жедел штаб. Айта кету керек, бұл 6 мамырдан бастап тіркелген Мәскеудегі ең төменгі көрсеткіш.